АймақҚарағанды

Қарағандының екі бірдей жылу беру нысаны қысқа дайындық паспортын алды

Қарағандыда 1-ЖЭО және 3-ЖЭО алдағы жылыту маусымына дайындық паспорттарын алды. Құжат энергия жабдықтарының сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін іс-шаралардың орындалғанын растайды.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Бұл туралы «Қарағанды Энергоцентр» компаниясы хабарлады.

– Станцияның жалпы дайындық индексі жеке көрсеткіштерден тұрады. Тексеру барысында генерациялаушы және жылу желілік жабдықтардың төмен температура жағдайында жұмыс істеуге, диспетчерлік жүктемелер кестесін жүргізуге техникалық дайындығына ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, персоналдың дайындығы, қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен жасақталуы тексерілді, – делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, 1-жылу-электр орталығында энергетикалық және су жылыту қазандық агрегаттарына күрделі жөндеу жүргізілді, турбинаға кеңейтілген жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жөндеулермен үш энергетикалық және екі су жылыту қазандық агрегаты, үш турбина қамтылды. № 1 қазандық агрегатына ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуда.

3-жылу электр орталығында қазандық агрегатын күрделі жөндеу және турбинаны кеңейтілген жөндеу, бес қазандық пен төрт турбинаны ағымдағы жөндеу жұмысы аяқталды. Қазандық пен турбинаны күрделі жөндеу, № 3 қазандық агрегатын ағымдағы жөндеу аяқтау сатысында.

Отынның – көмір мен мазуттың нормативтік қоры құрылды. Жылыту маусымы барысында оның тиісті мөлшері сақталып отырады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button