Ресми

Қарағандының ең қарт тұрғындарының бірі сайлауда дауыс берді

Қарағандының ең қарт тұрғындарының бірі, Ұлы Отан соғысының ардагері, 97 жастағы Бүркіт Есжанов Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты. Көгілдір тоғандар шағын ауданындағы 77 ЖОББМ №169 сайлау учаскесіне ол таңғы жетіде әйелімен бірге келді.

Ардагер учаске барлық қажетті заттармен жабдықталғанын, санитарлық талаптар сақталғанын және оған дауыс беру ыңғайлы болғанын атап өтті.

– Сайлау – біздің болашағымызға, халықтың өркендеуіне жол ашатын қадам. Сондықтан біз таңдаған партияға дауыс береміз. Мен сайлауға әйеліммен келдім. Бізде бәрі жақсы болады деп ойлаймын.

Қарағанды облысындағы барлық сайлау учаскелері мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне және санитарлық талаптарға сәйкес жабдықталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы сайлау 16 жыл ішінде алғаш рет мерзімінен бұрын емес, Конституциялық мерзімде – қазіргі шақырылым депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын өтуде.

Басқа материалдар

Back to top button