Жаңалықтар

“Қарағандыны дамыту жоспарының негізгі көрсеткіштері мерзімінен бұрын жүзеге асқан”

Liter.kz сайтының мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында «Аманат» партиясының аймақтық филиалы ұсынған деректер Қарағанды облысын дамыту жоспарының негізгі басым бағыттары жүйелі түрде орындалып жатқанын көрсетеді. Көрсеткіштер мерзімінен бұрын  жүзеге асқан. 

Қарағанды облысы Қазақстанның өнеркәсіптік тірегінің бірі болып қала береді. Экономиканың негізін минералды ресурстарды өндіруден бастап, оларды өңдеу мен құрылыс материалдарын шығаруға дейінгі әртүрлі салалардағы өндіріс құрайды. Қазіргі таңда өңірде басты назар –технологиялық жаңарту мен автоматтандыруға. Бұл жайлы толығырақ төменде көрсетілген сандық көрсеткіштерден байқауға болады. 

Коллаж Шынар Адамбекова

🟩 Өңірді сипаттайтын кейбір жалпы деректер

• 1332 436 — облыс халқының саны
• 3089 — некеге тұрғандар
• 1822 — некесін бұзғандар
• 3963 — некені бұзу туралы өтініш бергендер
• 6995 — жаңа туған нәрестелер саны
• 5239 — жалпы өлім-жітім

Суреттерді түсірген Жангелді Әбдіғалым

🧱 Тиісті еңбек және өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету

• 18 731 — жаңа жұмыс орны ашылған
• 398 076 — адам жұмыспен қамтылған
• 5 922 — әлеуметтік жұмыс орны құрылған
• 18 115 — адам «АМАNАТ» партиясының жобалары арқылы қолдау алған

🕊 Біртұтас құндылықтары бар қоғамның мүшесі болу

• 61,6 % — халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысу үлесі
• 257 040 — спортпен айналысушылар саны
• 71 — қоғамдық кеңес саны

❤️ Әлеуметтік қамқорлықты сезіну

• 3 848 — денсаулыққа байланысты жәрдемақы алғандар
• 1 178 — тұрғын үй көмегін алғандар
• 3 540 — АСП (атаулы әлеуметтік көмек) алушылар
• 926 — арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар
• 391 — ардагерлер мен қарттарға арналған әлеуметтік қызметтер
• 119 — қиын өмірлік жағдайдағы балалар

🎓 БІЛІМ БЕРУ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Сапалы білім:
• 188 — жаңа мектеп пен балабақша ашылған
• 0 — мектептер мен балабақшаларда апатты жағдайдағы нысандар жоқ
• 219 246 — оқушылар саны
• 0 — үш ауысымда оқитын мектеп жоқ
• 137 — балаларды қосымша біліммен қамтитын ұйымдар
• 163 253 — мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалар саны

Қолжетімді медицина:

• 305 — емханалар мен ауруханалар саны
• 285 — фельдшерлік-акушерлік пункттер
• 3316 — тіркелген дәрігерлер саны
• 1167 — ауруханалық төсектер саны
• 50,4% — тұрғындарды скринингтік тексерумен қамту деңгейі

🏗 ЭКОНОМИКАНЫҢ ӨСУ ҚАРҚЫНЫ

• 663,3 млрд теңге — негізгі капиталға салынған инвестиция
• 7,1% — өңір экономикасының өсу қарқыны
• 27,3% — өнеркәсіп өндірісінің өсімі
• 148,2 млрд теңге — ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі
• 193,984 млрд теңге — құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі
• 1 466,5 мың шаршы метр — пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі

🏡 ӨЗ ҮЙІҢ МЕН ҚОЛАЙЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫҚҚА ИЕ БОЛУ

• 280 089 — тұрғын үй алу кезегінде тұрғандар
• 39 724 — баспана алған азаматтар
• 35 — инженерлік инфрақұрылым жүргізілген жаңа тұрғын аудан
• 8 741 954 м² — газ, су және электр желілері тартылған аумақтар көлемі

🌾 АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ

• 805 — ауыл шаруашылығы жобалары іске асырылған
• 99,6% — ауылдардағы сумен қамту деңгейі
• 442 — интернет желісіне қосылған ауылдар
• 170 000 — ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін инфрақұрылым нысандары
• 378 — ауылдық кәсіпкерлерге қолдау көрсетілген жоба

🌿 ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАҚСАРТУ: ТАЗА АУА, ЖЕР ЖӘНЕ СУ

• 7 000 — ағаш отырғызу акциялары
• 4 000 — су көздерін тазалау жұмыстары
• 60% — қалдықтарды қайта өңдеу үлесі

💫 ЖАСТАРМЕН БІР ЫРҒАҚТА БОЛУ

• 6 053 — жастар ұйымдарына мүше белсенді жас
• 13 316 — жастарды жұмыспен қамту шараларымен қамтылғандар
• 149 — жастарға арналған коворкинг орталықтар мен демалыс алаңдары
• 1 158 — жастар арасында өткізілген мәдени және спорттық іс-шаралар

⚖️ ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ ОРНАҒАН МЕМЛЕКЕТТЕ ӨМІР СҮРУ

• 8 497 — полицияға түскен өтініштер саны
• 5 442 — тіркелген қылмыстар саны
• 2 221 — ашылған қылмыстар
• 907 — әкімшілік құқық бұзушылықтар
• 185 — сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
• 375 — тұрғындармен кездесулер мен түсіндіру жұмыстары
• 151 — «Аманат» партиясының жобалары бойынша өткізілген қоғамдық қабылдау

Өнеркәсіп облыстың айрықша белгісі болғанымен, бүгінде ауыл шаруашылығы да қарқынды дамып, өңірдің тұрақтылығына маңызды үлес қосуда. Климаттық қиындықтарға қарамастан, аграрлар инновациялар мен заманауи егіншілік тәсілдеріне сүйеніп отыр. Мал шаруашылығы, өнімдерді өңдеу және агротехнологиялар – барлығы өнеркәсіптік бағытпен қатар дамуда.

Өңірде жаңа тұрғын үйлер салу, коммуналдық желілерді жөндеу, сумен қамтамасыз етуді кеңейту сияқты жұмыстар атқарылуда. Сонымен бірге мектептер мен медициналық мекемелер жаңартылып, мәдениет үйлері салынып, әлеуметтік жобалар дамып келеді. Негізгі басымдық – қала мен ауыл тұрғындары үшін жайлы және сапалы өмір сүру ортасын қалыптастыруда.

Басты міндеттердің бірі – тозған инфрақұрылымды жаңарту және өнеркәсіпті заманауи стандарттарға көшіру. Өңір маман даярлауға, жаңа технологиялар талаптарына сай білім беруге, жоғары оқу орындары, колледждер мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға ерекше көңіл бөлуде.

Қарағанды облысы жаңғыру кезеңіне аяқ басты. Дәстүрлі өнеркәсіптік аймақтан инновациялар, өмір сапасы және тұрақты даму үйлесім тапқан жаңа дәуірге бет алды. 

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button