Бас тақырыпБасты тақырыпБілім

Қарағандының білім ошақтарына жаңа оқулықтар жеткізілді

Қазақстанның 33 білім ордасында 2026-2027 оқу жылында пайдалануға арналған жаңа оқулықтардың апробациясы өтіп жатыр. Қарағанды облысында бұл жұмыс бес мектептің базасында жүргізілуде. Жаңа оқу құралдары Саран қаласындағы №17 мектеп-гимназиясына, Шахтинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясына, Үштөбе тірек мектебіне, сондай-ақ Қарағанды қаласындағы №59 жалпы білім беретін мектеп пен Сләмия Саттаров атындағы мектеп-лицейіне жеткізілді. Бұл туралы облыстың білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Жаңартылған оқулықтар 4-сынып пен 7, 10-сыныптарға арналған. Жаңа оқулықтарды сынақтан өткізу
бес кезеңнен тұрады. Ғылыми-педагогикалық сараптама, материалдарды жетілдіру, пилоттық мектептерде тестілеу, қоғамдық талқылау және пәндік комиссияның жұмысы.
Қазіргі таңда жаңа оқулықтардың сапасына қатысты қоғамдық талқылау жүргізілуде. Бағалау барысында мұғалімдердің, пилоттық мектептердің оқушылары мен олардың ата-аналарының пікірлері ескеріледі.

Салтанат ІЛИЯШ

“Ortalyq Qazaqstan”

Басқа материалдар

Back to top button