Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағандылық журналистер марапатталды

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткен республикалық байқауда әріптестеріміз –  “Saryarqa Aqparat” медиа холдингіне қарасты “Индустриальная Караганда” газетінің тілшісі Қайныш Бұхарбай және “LIFE09” ақпарат агенттігінің операторы Нұртөлеу Екібай марапатталды. 
Сурет egemen.kz
Байқауда Қайныш Бұхарбай Құрмантегі шеберханасы туралы мақаласымен III орынды, ал, Нұртөлеу Екібай «Еңбек адамының портреті» номинациясы бойынша II орын иеленді.
Форум жұмысына ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қатысты. Іс-шара аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылына арналған конкурстың жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.

Байқау «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бастамасымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Байқаудың басты мақсаты – қоғамда жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру, еңбекқорлық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ адал еңбегімен елге үлгі болған азаматтардың шынайы өмірлік оқиғаларын кеңінен насихаттау.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button