Жаңалықтар
Қарағандылық журналист – халықаралық беделді ұйымның бас хатшысы
Қарағандылық журналист Алия Сыздықова Франциядағы Шетелдік баспасөз қауымдастығының (Association de la Presse Étrangère) Бас хатшысы болып сайланды деп хабарлайды http://Ortalyq.kz prokadrykz парақшасына сілтеме жасап.

Бұл беделді ұйым XIX ғасырда, 1879 жылы Париж қаласында құрылған. Бүгінде қауымдастық құрамына әлемнің 68 елінен 350-ден астам жетекші бұқаралық ақпарат құралдары кіреді. Ұйым тарихында алғаш рет Бас хатшы қызметін Қазақстаннан шыққан журналист атқарып отыр.
Айта кетейік, Алия Сыздықова бұған дейін аталмыш қауымдастықтың вице-президенті болған. Сондай-ақ Францияда «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісі ретінде еңбек еткен.
Жамал АКПАРОВА



