Таным

Қарағандылық жастар «OPEN ASIA 2025» халықаралық байқауында І орынға ие болды

Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі саналатын «Музыкалық білім беру» бөліміне қарасты «ARQA AUENI» хоры өнер бәйгесінде оза шапты. Олар Өзбекстанның Ташкент қаласында 2025 жылдың 31 қазаны мен 3 қарашасы аралығында өткен «OPEN ASIA 2025» халықаралық байқауында І орынға ие болды.

Сурет ұйымдастырушылардан

Бұл беделді мәдени іс-шараны Испанияның Fiestalonia Milenio фестивальдік комитеті ұйымдастырған. Хор ұжымы халықаралық деңгейде Қазақстанның өнері мен мәдени мұрасын төрге оздырып, ел абыроймын асқақтатты.

Сонымен қатар, жеңімпаз ұжымға 2026 жылдың 23–28 қазаны аралығында Испанияның Льорет-де-Мар қаласында өтетін Super Grand Prix халықаралық байқауына 20% жеңілдікпен қатысу құқығы берілді.

Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН

«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button