Аймақ

Қарағандылық жастар 28 шілдеде бос орындар жәрмеңкесінде мүмкіндіктерін сынап көре алады

28 шілдедеде орталық саябақта сағат 16.00-ден 19.00 аралығында қарағандылық жастарға арналған «Мүмкіндіктер алаңы» бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

 

Жәрмеңкеде 60-тан астам кәсіпорын 2,5 мыңға жуық бос жұмыс орындарын ұсынады. Шараға түрлі қызмет салаларындағы жұмыс берушілер қатысады. Оған студенттер, жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері, жұмыссыз адамдар немесе кәсіби даму үшін жаңа мүмкіндіктер табуға ұмтылушылар қатыса алады.

Жәрмеңкеге «АрселорМиттал Теміртау», «Kamatyres», «Шұбаркөл Премиум», «Қазметиз», «Silk road electronics», «Qaztehna» және басқа да ірі жұмыс орындары өз ваканцияларын ұсынады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button