Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағандылық жас картингшілер Қазақстан чемпионатында топ жарды

Қарағанды облысының жас спортшылары картингтен өткен екі бірдей Қазақстан чемпионатында үздік нәтиже көрсетті. Республикалық жарыстар сәуір мен қазан айлары аралығында Алматы мен Қостанай қалаларында өтті, деп хабарлайды Ortalyq.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап. 

Суреттер облыс әкімдігінен

Маусым қорытындысы бойынша облыстық техникалық спорт түрлері мектебінің құрамасы ел бойынша абсолютті көшбасшы атанды. Он үш жастағы Руслан Логинов үш санатта — «Ракет», «Пионер» және халықаралық «Mini» класында Қазақстанның абсолютті чемпионы болды. Ол спорт шеберіне үміткер нормативін орындады.

 

Чемпионат қорытындысында Қарағанды облысының командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленіп, жеті кластың бесеуінде чемпион атанды.

Халықаралық санаттағы жарыстарда қарағандылық спортшылар «Mini» класында алтын және қола медаль жеңіп алды. Үш спортшы спорт шеберіне үміткер атанса, екеуі спорт шебері атағына ие болды.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button