ЖаңалықтарСпорт
Қарағандылық жас хоккейшілер әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
20-26 қаңтар аралығында Латвияның Рига қаласында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы IIA дивизионы бойынша жасөспірімдер әлем чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы турнирде екінші орын алып, күміс жүлдегер атанды.
Команда бес кездесудің төртеуінде жеңіске жетіп, Ұлыбритания құрамасынан ғана ұтылды.
Командадағы төрт ойыншы қарағандылық хоккейшілер. Алина Жакулина, Рената Лившиц, Анна Климова шабулшы болса, Калима Нығматулина команданың қорғаушысы. 16 жастағы Калима командасымен чемпионатқа дайындықты жазда бастағанын айтты.
– Біз түрлі оқу-жаттығу жиындарынан өттік. Аталмыш чемптонатқа жақсы дайындалдық. Болашақта бұдан да үлкен жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын, – дейді жас спортшы.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.