Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағандылық жұмысшы мамандықтары өкілдеріне «Еңбек Даңқы» ордені табысталды

Еңбек күніне арналған «Еңбек адамы – Ел мақтанышы» республикалық форумындағы жұмысшы мамандықтары өкілдері арасында қарағандылықтарға да мемлекеттік наградалар табысталды. ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Топар бас энергия тарату станциясы» ЖШС қазандық машинисі –  Нұрәділ Мещанов, «Qarmet Service»ЖШС тігіншісі – Гүлзия Авдикерім марапатталды. 

Сурет primeminister.kz

Форумға қатысушыларға арнап сөйлеген сөзінде Премьер-министр Президенттің Ұлттық құрылтайда белгілеп берген «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаты бүгінде Қазақстан қоғамының дамуындағы басты бағытына айналғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның болашағын инновациялық даму жолында көреді. Ол халыққа Жолдауында ауқымды цифрландыруды және жасанды интеллектіні белсенді енгізуді басымдық ретінде айқындады. Алдыңғы қатарға жаңа технологиялар шығады. Бұл – экономикалық өсімге және азаматтардың өмір сапасын одан әрі жақсартуға кең мүмкіндік. Инновациялық шешімдер өнеркәсіпке, көлік саласына, медицинаға, білім беруге және басқа да көптеген салаларға енгізілуде. Барлық жасалып жатқан шаралар қуатты Цифрлық Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазақстанда Еңбек күні он жылдан астам уақыттан бері аталып келеді. Қазір елімізде шамамен 2,5 млн маман еңбек етеді. Олардың қатарында шахтерлер, металлургтер, педагогтар, энергетиктер, медицина қызметкерлері, құрылысшылар, агрономдар, технологтер және басқа да сала өкілдері бар.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button