Жаңалықтар

Қарағандылық заңсыз жолмен жүргізуші куәлігін аламын деп алаяққа тап болды

27 жасар қарағандылық жүргізуші куәлігін «жылдам жасатамын» деп алаяқтың арбауына түсіп қалып, 100 мың теңгесінен қағылып қалды.

жүргізуші куәлігі

Ол жүргізуші куәлігін жылдам рәсімдеу үшін әлеуметтік желіден адам тапқан. Тапқан адамы 100 мың теңгені алдын-ала беруін сұраған. Ал, ақшаны алып алғаннан соң өзінен хабар күтуін айтқан. Алайда, біраз уақыт өтсе де әлгі адамнан хабар болмаған. Тиісті құжатты да ала алмаған. Қарағандылық алаяқтың арбауына түскенін сезіп, полицияға арызданған.

Криминалдық полиция қызметкерлері мен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Ол жасаған қылмысын мойындап, айғақтар берді.

Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 190-бабына (алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеруде.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button