Бас тақырыпБасты тақырыпСпорт

Қарағандылық қыздар Азия чемпионатында 28 медаль иеленді

Үндістанның Ахмадабад қаласында өткен Азия чемпионатында Қарағанды облысының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің синхронды жүзу бөлімінің спортшылары тамаша нәтиже көрсетті. Олар барлығы 28 медаль жеңіп алды: 19 алтын, 4 күміс және 5 қола.

Сурет Қарағанды спорт басқармасынан

Қарағандылықтар арасынан ең үздік нәтижелерді Наргиз Болатова, Ксения Макарова, Даяна Джаманчалова, Виктор Друзин, Карина Магрупова, Ясмин Туякова және Арина Пушкина көрсетті.

          Наргиз Болатова техникалық, еркін және акробатикалық топтық бағдарламаларда бірінші орынды, микс-дуэт еркін бағдарламасында үшінші орынды иеленді.

          Виктор Друзин жеке және топтық бағдарламаларда абсолютті чемпион атанды.

          Карина Магрупова жеке және топтық сайыстарда үш рет «алтын» иеленіп, микс-дуэтте күміс алды.

          Ясмин Туякова мен Арина Пушкина дуэт бағдарламаларында күміс және қола жүлдегер атанды.

Мамандардың айтуынша, мұндай жетістіктер – спортшылар мен жаттықтырушылардың ұзақ жылдық еңбегінің нәтижесі. Қарағандылықтар осылайша қазақстандық синхронды жүзудің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

                                                                                                                                               Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button