Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандылық велошабандоздар Азия чемпионатынан жеңіспен оралды

Қарағанды облысында велосипед спорты жақсы дамып келеді. Индонезиялық Джакарта қаласында өткен велотрек бойынша Азия чемпионатында үш қарағандылық спортшы медаль ұтып алды. Бұл нәтиже жас велошабандоздарға Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін сайысқа түсуге мүмкіндік береді. 


17 жасар велошабандоз Эльвира Хамзина командалық жарыста және тптық жарыста ұпайлар саны бойынша үшінші орынды иеленді. Андрей Крейс командалық спринтте қола медаль иеленді. 
Эльвира және Андрей Ә. Молдағұлова атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатты тәмамдаған. Олар бапкер Сергей Ульбрихттің жетекшілігімен жаттыққан. Өткен жылы екеуі де спорт шебері атанып, бүгінгі таңда олар анағұрлым әлеуеті жоғары жас спортшылар қатарынан табылады. 
Қарағандылық Роман Василенков командалық жарысында үшінші орын алған ұлттық құрама атынан өнер көрсетті. 
– Біздің спортшыларымыз айтарлықтай жақсы өнер көрсетті. Бұл ретте олардың бапкерлерінің еңбегі зор. Роман Василенковты атап айтқым келеді. Ол өте тәжірибелі велошабандоз, өз-өзін сенімді ұстап, сәтті өнер көрсетті. Нәтижесінде қазақстандық команда дистанцияны 4 минут 5 секунд ішінде өткерді. Бұл халықаралық нәтиже, осыдан соң Олимпиада ойындарында команданың қатысуын жоспарлауға болады, – деп атап өтті спорт ардагері, танымал велошабандоз Анатолий Степаненко. 
Эльмира Хамзинаның спорттық жолында бұл екінші Азия чемпионаты. 
– Дайындық қарқынды болды. Біздің жиындар Ыстық көлде өтті. Сонан соң Астанада жаттықтық. Жалпы мен нәтижелеріме қанағаттанамын. Алайда қате жіберіп алып, құламағанымда, нәтижем бұдан да жақсы болар еді, – дейді спортшы. 
Биылғы жылы бойжеткенді республикалық және халықаралық деңгейдегі сайыстар күтіп тұр. Велошабандоз Германияда өтетін әлем чемпионатына қатысуға дайындалуда және онда жүлделі орын иеленуді көздеп отыр. 
Жоғары спорт шеберлігі мектебінің жетекшісі Данияр Мыңбаевтың айтуынша, облысымызда велосипед спортына үлкен көңіл бөлініп отыр, сондай-ақ жетістікке жетуіміздің бірден бір факторы – ұрпақтар сабақтастығы болып табылады. күн өткен сайын база жақсарып келеді. Өткен жылы жаңа велосипедтер сатып алынды. 
Джакартада өткен Азия чемпионаты рейтингтік сипатқа ие болды. Велошабандоздар қол жеткізген ұпайлар олимпиадалық саралау кезінде ескерілетін болады. 
 

Дереккөз:  karaganda-region.gov.kz 

Басқа материалдар

Back to top button