Бас тақырыпБасты тақырыпСпорт

Қарағандылық теннисшілер тұғырдан көрінді

Жыл соңында тағы бір сүйіншілеген хабар жетті. Бұл жолы теннисшілеріміз алдына қара салмай, тұғырдан көрінді. Биыл жыл басында жүлде қоры 10 млн теңге болатын үстел теннисінен командалық Суперлига чемпионаты басталған-тын.

Суретер облыс әкімдігінен

Күні кеше төрт турдан тұратын чемпионат өз мәресіне жетіп, үздіктер анықталды. Нәтижесінде, «Қарағанды-1» командасы үздік шығып, жеңіс тұғырынан көрінді. Спортшыларды марапаттау салтанатты жиынына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев арнайы қатысып, жеңімпаздарға сый-сияпат табыстады.

Жалпы, аталған турнирге елден бөлек, алыс-жақын шет елдерден де команда қатысқан. Нәтижесінде чемпиондар кубогы қарағандылық командаға бұйырды. Сонымен қатар, Суперлига маусымының қорытындысы бойынша қарағандылық клубтың бас бапкері Алексей Хорьков «Үздік бапкер» атанды.

– Қарағандының үстел теннисі мектебі республикадағы ең мықты спорттық орталықтардың бірі. Біздің спортшыларымыз жылдар бойы өзге өңірлер мен шетел командаларына лайықты бәсекелестік көрсетіп келеді. Бұл чемпионаттағы жеңіс – сол жүйелі еңбектің нақты нәтижесі, – деді өңір басшысы.

Төрт турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде бірінші орынды  «Қарағанды-1» командасы еншілесе, ІІ сатыға Ресейдің Свердлов облысынан келген «УГМК» командасы иеленді. Ал, үздік үштікке Өскеменнің «Altay Pro» командасы табан тіреді.

Ербол ЕРБОЛАТ
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button