Қарағандылық теннисші Әмір Омарханов Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Қарағандылық теннисші, 18 жастағы Әмір Омарханов Испанияның Манакор қаласында өткен ITF M15 санатындағы халықаралық турнирде жұптық сында жеңімпаз атанды.

Финалда Әмір Омарханов америкалық Гэвин Янгпен бірге өнер көрсетті. Шешуші матчта Қазақстан–АҚШ дуэті Аустралия өкілі Тай Хост пен ресейлік Егор Плешивцевтен құралған жұпты 5:7, 6:3, 10:8 есебімен жеңіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Турнирге үшінші нөмірмен тіркелген Омарханов пен Янг негізгі фавориттердің бірі саналды және бұл үмітті толық ақтады.
Жарыс барысында олар испаниялық Уго Гарсия Гомес / Карлес Рохас жұбын (6:1, 6:4), Мотохару Абэ (Жапония) мен Андрес Флорес Авила (Мексика) дуэтін (5:7, 6:2, 10:7), сондай-ақ Ұлыбритания өкілдері Джо Лизер / Маркус Уолтерсті (6:2, 6:3) жеңіп шықты.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz


