Қазақстанның барлық аймақтарында 23 наурызда «Жер сағаты» акциясы өтеді. Планетаның басты экофлешмобына кез-келген адам қатыса алады. Ол үшін сізге бір сағат, 20:30-дан 21:30-ға дейін жарық пен электр құрылғыларын өшіру керек.
«Жер сағаты – 2024» халықаралық акциясына қатысуға шақырамыз! Іс-шара табиғи ресурстарды сақтау үшін күресте және қалыптасқан проблемаларды шешу үшін адамдарды біріктіруге шақыра отырып, ерікті түрде болады”, – деді экология департаменті Қарағанды облысының тұрғындарына.
«Жер сағаты» бүкіл әлемде 2007 жылдан бастап Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен өткізіліп келеді. Жаһандық акцияға Қазақстан 2009 жылы қосылды.
Әр түрлі елдердің миллиондаған адамдары жарықты сөндіргенде, әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықтандыруды сөндіреді. Олардың ішінде Құтқарушы Иса Мәсіх мүсіні, Эйфель мұнарасы, Үндістан қақпасы, Биг Бен, Колизей, Бейжіңдегі «Феникс» орталығы және т. б.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі