Қарағандылықтарды республикалық экологиялық акцияға қатысуға шақырады
Сенбі, 27 шілде күні Қазақстанда жалпыға ортақ экологиялық акция өтеді.
Қарағандылықтарды, сондай-ақ, экочелленджге қолдау көрсетіп, өзендердің, көлдердің, су қоймаларының жағалауларын, ормандар мен отырғызылған ағаштар алқабын, саябақтарды, скверлерді, апатты үйінділерді, ҚТҚ полигондары және елді мекендер маңындағы аумақты қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шығуға шақырады.
#Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы туралы Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter парақшасында жариялағаннын естеріңізге сала кетейік.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қоянды су қоймасын тазалауға қатысты.
Бұл бастаманы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов та қолдады.
– Бұл челлендж – жақсы бастама. Бізге де акцияға қатысуымыз керек деп есептеймін. Табиғатты тазартып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуымыз керек, – деді аймақ басшысы.
27 шілде күні экологиялық акцияға немқұрайды қарамайтын барлық қарағандылықтарды қатысуға шақырады.
Акцияны өткізу орны мен уақыты туралы сұрақтар бойынша экологиялық сенбілікті ұйымдастыру жөніндегі штабқа 8-7212-56-41-27 телефоны арқылы хабарласуға болады.