Жаңалықтар

“Ән керуен” концерті өтеді

12 наурыз күні сағат 15:00-де “Шалқыма” концерт залында “Ән керуен” концерті өтпек. Аталмыш кеште өнер сүйер қауым назарына жергілікті сазгерлердің шығармалары ұсынылады.

Сурет: ұйымдастырушылардан

“Ән керуен” концертіне Жақсыкелді Кемалов, Ержан Базарбеков, Сержан Мұсайын, Дәуренбек Әркенов, Гүлмира Тапай, Дулат Аханов, Сырым Хордин, Медет Осатаев және  тағы да басқа өнерпаздар қатысады. Сондай-ақ, “Мерей” және “Арай” триосы, “Арқа сазы” фольклорлық ансамблі және “Аққу” фольклорлық-хореографиялық ансамблі де өнер көрсетеді деп жоспарлануда.

Билеттерді “Шалқыма” к/з кассаларынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button