Қарағандылықтарды эко-сенбілікке қатысуға шақырады
Қарағанды қаласының «Созвездие» белсенді өмір салты клубы 27 сәуірде өтетін эко-сенбілікке шақырады. Еріктілер Үштөбедегі тас жол бойындағы орман екпелерін тазалайтын болады.
Орманды қоқыстардан тазартудан басқа, тимбилдинг пен табиғатта өтетін ойындар жоспарланған. Ұйымдастырушылар тегін көлік пен тазалау құралдарын ұсынады.
– Барлық ниет білдірушілерді қаламыздың тазалығына үлес қосуға, жаңа адамдармен танысуға және көптеген жағымды эмоциялар алуға шақырамыз, – дейді ұйымдастырушы-эколог Дамир Кәрімов. – Бұл эко-тазплық шарасы болмақ, себебі қоқысты одан әрі қайта өңдеуге тапсыра отырып, бөлек-бөлек жинаймыз. Сіз өзіңізбен бірге тіскебасар, ыстық шай мен су ала салсаңыздар болады. Іс-шара шамамен 17:00-ге дейін жалғасады.
Автобус еріктілерді сағат 13:00-де «Қазақстан» БО тұрағында күтеді.
Қарағанды облысы бойынша экология департаменті тұрғындарды 27 сәуірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілікке шығуға шақырады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz