Жаңалықтар

Қарағандылықтар жүлдемен оралды

Балқаш командасы Білім министрлігінің кубогына арналған республикалық пікірсайыс турнирінде екінші орын алды. Қарағанды облысынан пікірсайысқа үш команда қатысты.

Турнир Астанада үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 100-ден астам оқушы қатысты.

Оқушылар заманауи білім берудегі үштілділік, жоғары технологияларды дамыту, салық салудың әділетті прогрессивті шкаласы, ойын бизнесіне тыйым салу және т. б. өзекті тақырыптарды талқылады.

Орыс лигасында екінші орынға Балқаш қаласының № 4 жалпы білім беретін мектебінің “Жігер” командасы ие болды.

– Біздің командада 11-сыныптың екі оқушысы – Мария Куликова мен Данила Огай болды. Жеңімпаздарды марапаттауды Білім министрі Асхат Аймағамбетов пен бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өткізді. Біз ұйымдастырушылар жасаған атмосфераға енгенімізге қуаныштымыз. Жаңа таныстар, ұмытылмас әсерлер жадымызда ұзақ уақыт қалады. Балқашқа біз дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, сондай-ақ баға жетпес тәжірибемен және жылы естеліктермен оралдық, – деп бөлісті № 4 ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі және мектеп дебат клубының жетекшісі Мадина Мейірханова.

gov.kz

Басқа материалдар

Back to top button