Жаңалықтар

Қарағандылықтар – үздіктер сапында

    Қарағандылық – кәсіпорындардың күні кеше Астанада өткен «Қазақстанның үздік тауары – 2016» байқауының ақтық бәсекесінде қанжығалары құр қайтқан жоқ. Еліміз бойынша өткен байқауда «Үздік әлеуметтік отандық кәсіпорын» аталымында «Теміртау электр металлургиялық комбинаты» ЖШС үшінші қола медальді иеленді. Шағын кәсіпорындар арасында «Үздік өндірістік кәсіпорын» номинациясы «Инкар-1» теміртаулық компания, ал, «Тұрғындарға арналған үздік тауар» аталымының үшінші дәрежелі дипломы «Руми-эн» ЖШС-ға табысталды. Ал, «Үздік азық-түлік тауарында» үздік Балқаш нан өнімдері комбинаты танылды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлайды.

   Сейсенбіде Астанада «Іскер, «Ұлы дала елі» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының лауреаттары марапатталды. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» және ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы аясында жеңімпаздарға жүлделерін тап­сырды.

    Сонымен қатар, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымында «Жамбылгипс» АҚ, «Астаналық Шыныпакет Компа­ниясы» ЖШС, «Алматы бояулары» жеңімпаз атанса, «Халық­қа арналған үздік тауарлар» аталымында «Назар Текстиль» ЖШС, «DOSFARM», компаниясы да жеңімпаз атанды. «Үздік азық-түлік тауары» аталымымында Балқаш нан өнімдері комбинатынан кейінгі орындарды «CAPITAL PROJECTS LTD» ЖШС мен «Шығыс Сүт» ЖШС бөлісті.

    Деректерге сүйенсек, биыл республикалық көрме-байқауға аймақтық іріктеуден өткен 145 жеңімпаз компания бағын сынапты. 9 дипломант «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының эмблемасымен және I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Жеңімпаздар байқау эмблемасын 4 жыл бойы жарнамалық мақсатта пайдалануға құқылы.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button