Спорт

Қарағандылықтар үздік атанды

Алматыда ауыр атлетикадан Ел чемпионатының VI жазғы спартакиадасы өтті. Қазақстанның түпкір-түпкірінен кіл мықтылар қатысқан байрақты бәсекеде қарағандылық спортшылар 5 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды.

 

Қыздар арасындағы бәсекеде 55 келіде бақ сынаған Дарья Балабаюк – 174 келіні (76+98), 81 келідегі Айша Омарова – 216 келіні (96+120), +87 келідегі Любовь Ковальчук – 250 келіні бағындырып, жеңімпаз атанды. Ал, ерлер командасының құрамынан 102 келіде сынға түскен Кирилл Староверкин – 350 келіні (160+190), 109 келіде Никита Абдрахманов – 355 келіні (162+193) бойынан асырып, жазғы спартакиада ойындарының чемпионы атанды. Ал, -96 келіде өнер көрсеткен Клим Башаргин – 345 ((154+191) келіні бағындырып, күміс жүлдені еншіледі.

Сонымен қатар, 55 келіде сынға түскен Дарья Балабаюк 17 жасқа дейінгі жас санатында Қазақстан рекордын орнатты.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button