Жаңалықтар

Қарағандылықтар топ жарды


Жақында Алматыда өткен VI халықаралық компьютерлік жобалар «Infomatrix – Asia» сайысы мәресіне жетті. Бағдарламалау, компьютерлік мәдениет, аппараттық басқару, қысқа метражды фильм түсіру, робототехника бойынша ұйымдастырылған сайыста Қарағанды облысының командасы 8 жүлделі орынға ие болды.
Атап айтсақ, қалалық №1 «Білім-инновация» лицейінің 11 сы­нып оқушылары Қуаныш Қайсар, Ердан Ержұманов, Әлішер Смағұлов және «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушылары Арнұр Нүркеев пен Әділ Қазкенов алтын медаль жеңіп алды.
Ал, күміс медаль иегерлері қатарында «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Әділхан Нұр­ғалиев және қысқа метражды фильм номинациясында Әділ Қаз­кенов бар.
Сондай-ақ, қаламыздағы №57 мектеп-лицейінің 11 сынып оқу­шысы Адай Тұрар қола медальді қанжығасына байлады.
Айта кеткен жөн, «Infomatrix – Asia» сайыстары ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және С.Демирел университетінің ұйымдастыруы­мен 12-15 сәуір аралығында өт­кен болатын. Халықаралық компьютерлік жобалар жарысына алыс, жақын шет елдер мен республиканың түкпір-түкпірінен 450-ге жуық жоғары сынып оқу­шылары онлайн іріктеу кезеңінен өтіп, жолдама алды.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.
Аяулым Совет.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button