Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағандылықтар Тәуелсіздік стелласына гүл шоқтарын қойды

Салтанатты іс-шара мемлекеттік Әнұранмен басталды. Жиынға облыс әкімі, қоғамдық ұйым өкілдері, қала тұрғындары және 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ардагерлер қатысты.

Суреттерді түсірген автор

Тарих сахнасынан орнын ойып тұрып алған, қазақ халқының азаттыққа деген ұмтылысын айқын көрсеткен тарихи кезеңнің маңызы айрықша. 1986 жылғы оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, дәл сол көтеріліс басталған күні Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заң қабылдады. Осыдан кейін ғана Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды ақтау үдерісі басталды.

– Біз 1986 жылы алаңға руға, жүзге бөлініп емес, қазақ болып шықтық. Ол үшін талайымыз оқудан шығарылып, қудалауға түстік. Медицина училищесінің екінші курсында оқып жүргенде ұсталып, кейін 1991 жылы толық ақталдым, – деді Желтоқсан көтерілісіне қатысқан Арапбек Қарабекұлы.

Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button