Бас тақырыпБасты тақырыпСпорт

Қарағандылықтар сурдлимпиададағы жоғары жетістіктері үшін марапатталды

Токиода өткен ХХV жазғы Сурдлимпиада ойындарында Қарағанды облысының спортшылары бес медаль жеңіп алды, оның екеуі – алтын. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыс әкімдігінде салтанатты түрде құрметке бөленді. Айрықша нәтижелері үшін спортшылар мен олардың бапкерлеріне ақшалай сыйақылар табысталды деп хабарлайды https://ortalyq.kz/ облыс әкімдігіне сілтеме жасап. 

Суреттерді түсірген Жангелді Әбдіғалым

– Сіздерге жүктелген міндет зор болды – өз жеңістеріңіз арқылы қазақстандық спорттың әлеуетін әлемдік деңгейде дәлелдеу. Алдағы уақытта да толағай табысқа жетіп, ең беделді жарыстарда жаңа биіктерді бағындыруларыңызға тілектеспін, – деді өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.

Республикалық сурдотаэквондо федерациясының президенті және жаттықтырушы  Руслан Ищановтың айтуынша, бүгінде облыста есту қабілеті бұзылған 85 спортшы таэквондомен шұғылданады. Еркебұлан Қанафин дзюдомен шамамен 25 жылдан бері айналысып келеді. Оның еншісінде әлемдік деңгейдегі бірнеше ірі жеңіс бар. Бұл – спортшының өмір жолындағы екінші Сурдлимпиадасы, және екі жарыста да ол чемпион атанды. Қола жүлделерді таэквондошылар Аян Әбдіраш (58 кг), Айжамол Әбдікәтова (57 кг), және Аида Мақатова (67 кг) иеленді.

Бұл спорт түрінен өңір республика бойынша көшбасшы қатарында.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button