Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағандылықтар мерекеде мемлекеттік әнұранды орындады

Аймақта Республика күнінде Ту тұғыр алаңында көк туымызды көтеру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға облыс басшылығы, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік мекеме ұйымдары мен қала тұрғындары қатысты.

Суреттерді түсірген Жангелді Әбдіғалым        

– Құрметті қарағандылықтар!
Баршаңызды ұлтымыздың елдігін айғақтайтын ұлық мерекемен құттықтаймын!
Жасына, тегіне, ұлтына, басқа да ерекшеліктерге қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болу – зор мәртебе! Мереке қарсаңында өңірімізде өнегелі іс-шаралар лек-легімен жалғасып келеді.
Еліміздің егемендігінің құрметіне көтерілген көк туымыз әрдайым жеңісіміздің жарқын дәлелі болып, қуатты һәм әділетті Қазақстан құру жолында бекем болайық!
Тәуелсіздігіміз баянды, еліміздің ертеңі жарқын болғай, – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Бүгін республиканың түпкір-түпкірінде көк байрағымыз көкке көтеріліп, салтанатты жиындар жүріп жатыр.


Дәл осы күні, 35 жыл бұрын елдіктің іргесі қаланып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданған болатын.


Сол себепті де, тұғырлы тәуелсіздігіміздің парқын жете түсініп, сәулелі сәттерімізге сызат түсіріп алмайық!

Мереке құтты болсын!

Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН

“Ortalyq Qazaqstan”

Басқа материалдар

Back to top button