АймақБас тақырып

Қарағандылықтар көптен күткен №29 автобус маршруты жаңарды

Қарағандылықтар №29 автобус маршрутының жаңаруын көптен күткен еді. Соңғы жылдары бұл бағыттағы автобустардың ескіруі мен техникалық жағдайы тұрғындардың жиі сынына ұшыраған-тын.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Енді Қарағандыда қоғамдық көлікті жаңарту жұмыстары аясында жағдай өзгере бастады. «Экспресс» ЖШС автопаркі 22 жаңа автобус сатып алды. Соның жетеуі 9 ақпаннан бастап №29 маршрут бағытында қатынай бастады.

Қалған автобустар наурыз айының соңына дейін жеткізіліп, осы бағытқа шығарылады. Жаңарту нәтижесінде кәсіпорын автопаркінің жаңару деңгейі шамамен 95%-ға жетеді.

Жаңа автобустар ықшам әрі заманауи. Тұрғындар оларды жетілдірілген маршруткаға ұқсатады. Сондай-ақ, көліктер қаладағы қоғамдық көліктерге ортақ бірыңғай түсте жасалған.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button