Қарағандылықтар джиу-джитсудан Әлем чемпионатынан жүлдемен оралды
28 қазан мен 8 қараша аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан Әлем чемпионатынан қарағандылықтар жүлдемен оралды.
Әлемнің 49 елінен 1600-ге жуық спортшы қатысқан байрақты бәсекеге Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының арулары қатысқан болатын. 4 курс курсанты полиция сержанты Әмзе Аян мен 3 курс курсанты полиция кіші сержанты Шахноза Таджиева жүлделі ІІІ орын иеленді.
Ербол ЕРБОЛАТ