Ресми

Қарағандылықтар блок-бекеттерді ыстық тамақпен қамтамасыз етуде

Қазақстанның оңтүстігіндегі қайғылы оқиғалар мен ТЖ режимі Қарағанды облысының тұрғындарын біріктірді. Көбісі елді мекендерде күшейтілген патрульдеуге, сондай-ақ блокпостардағы тексерулерге түсіністікпен қарайды. Белсенділер тәртіп сақшыларына ыстық тамақ пен шай әкелді.

 

Блок-бекеттерде кезекшілік ететін полиция қызметкерлері мен ұлттық гвардияшыларға алғашқылардың бірі болып журналист Айнұр Балакешова қолдады. Ол жеке бастамасы бойынша тәртіп сақшыларына ыстық тамақ пен шай әкелді.

– Ыстық тамақ пен шай – бұл біздің тыныштығымызды сақтайтын және бізді қорғайтын адамдар үшін жасай алатын нәрселердің аз ғана бөлігі. Күш – бірлікте! Батырларымызға көмектесейік, – деді Айнұр Балакешова.

Айта кету керек, облыстағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан мен ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері күшейтілген режимде қызмет атқаруға көшірілді.

Облыстың елді мекендерінде шығу және кіру жолдарында блок-бекеттер ұйымдастырылған. Өңірдегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.

Басқа материалдар

Back to top button