Спорт

Қарағандылықтар Азия кубогынан жүлдемен оралды

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында кадеттер мен жастар арасында дзюдодан Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтті. Бұл турнирде бақ сынаған қарағандылық Шерхан Алпанов чемпион атанып, Руслана Махатова күміс жүлдеге қол жеткізді. Жерлестердің осы жетістіктерінен кейін әлемдік рейтингтегі ұпайы жаңарды.

Халықаралық жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Греция, Гонконг, Грузия, Моңғолия және АҚШ-тан 680 спортшы қатысқан. Бұл турнирдің ерекшелігі – ұпай берілуінде. Яғни, турнир жеңімпазына – 100 ұпай берілсе, ІІ орын алған спортшыға – 60, ІІІ орын үшін – 40 ұпай қосылды. Бұл – спортшылар үшін әлемдік рейтингтегі орынын жаңартуға бірден-бір үлкен мүмкіндік еді.

+90 келі салмақ дәрежесінде күрескен Шерхан Алпанов Азия кубогының жеңімпазы атанды. Соған сәйкес, қарағандылық спортшыға әлемдік рейтингтегі ұпайының үстіне 100 ұпай қосылды. Ал, тағы бір жерлесіміз Руслана Махатова +70 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, күміс жүлдегер атанды.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия кубогінде 9 алтын, 6 күміс және 12 қола жүлде еншілеп, жарысқа қатысқан 10 елдің қатарында көш бастады. ІІ орынға – Өзбекстан спортшылары жайғасса (5 алтын, 6 күміс, 14 қола медаль), Моңғолия өкілдері (2 алтын, 1 күміс, 1 күміс) – ІІІ орынға табан тіреді.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button