Спорт
Қарағандылықтар Қазақстан жастар құрамасының сапында
17-24 наурыз аралығында Алматыда Қайрат Нұрдәулетов бастаған Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны өтеді.

Жастар құрамасының сапында қарағандылық Абылайхан Назымханов, Иван Свиридов, Константин Горизанов, Данила Карпиков бар.
Жиын «Қайрат» футбол клубының жаттығу базасында болады. Дайындық аясында біздің жігіттер екі жолдастық матч ойнайды. Бірінші қарсылас Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы болса, екінші команда кейін анықталады.
Ербол ЕРБОЛАТ.
Оrtalyq.kz