Жаңалықтар

Қарағандылықтар арасында ажырасу көрсеткіші азайды

Жыл басынан бергі 5 айдың ішінде Қарағанды облысында 2 106 ажырасу фактісі тіркелген. Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңде 2116 болған. Ажырасу көлемі 0,5 %-ға қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарағанды облысында 5 айдың ішінде АХАТ органы 3 277 неке мен 2 106 ажырасу фактісін тіркеген. Өткен  жылмен салыстырғанда қиылған некелер саны 0,1 %-ға артып, ажырасу көрсеткіші 0,5 %-ға қысқарған», – дейді Қарағанды облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Сәуле Комутова агенттіктің жолдаған сауалына.

Айта кетейік, 2018 жылдың қаңтар-мамыр аралығында 1000 некеге шаққанда 358 ажырасудан келген. Олардың ішінде 20-19 жас аралығындағы жастар көп тіркелген. Соның ішінде 25-29 жас аралығындағы ерлердің үлесі 33% құрап отыр. Ал, әйелдер арасында 20-24 жас аралығында арулар жиі неке қидыратын болып шықты, олардың үлесі 39,4 %-ды құрады. 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 4 жігіт пен 118 қыз бала, 60 жас және одан егде жастағылардан 176 ер адам мен 122 әйел некеге отырған.

«Ажырасудың ең көп бөлігі 30-34 жас аралығындағы ер адамдар және 25-29 жас аралығындағы әйелдер арасында тіркелген. Олардың үлесі сәйкесінше 22,3 % және 23,1 % құрайды. 60 жас және одан үлкен жастағы 180 ер адам мен 130 әйел ажырасқан», – деп атап өтті С. Комутова.

Бұдан бөлек, жалпы соңғы 5 жылда облыста ажырасу саны азайып келеді. Ведомствода атап өтілгендей, 2017 жылы Қарағанды облысы ажырасу көлемі бойынша Алматы, Алматы облысы және Түркістан облыстарынан кейін 4-орында болған. Ол 1000 адамға шаққанда 3,81 ажырасудан келіп, еліміз бойынша Павлодар облысынан кейін екінші орын алған.

Былтыр ажырасқан жұптардың басым бөлігі 5-9 жыл бірге тұрған. Олардың үлесі ажырасқан жұптардың жалпы санының 25,8 % құраған. 20 жастан кейінгі ажырасу көлемі 14,7 % болған. 

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button