Ресми

Қарағандылықтарға ыстық су қажет пе?

Бұған дейін журналистер қарағандылықтарға ыстық судың қажеті жоқтығын айтып, мүлдем алып тастау керек деген болатын. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев осы сұраққа өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте жауап беріп, нүктесін қойды.

Сурет: inbusiness.kz сайтынан

Қарағандының суы – лас. Одан қала берді қолқаны қапқан жағымсыз иістің де бары жасырын емес. Бұл – бір.

Екіншіден, жер аяғы кеңіген шақта ыстық суды ажыратып тастайды. Бұған қала тұрғындарының әбден еті үйренген. Сондықтан, әр шаңырақ бір-бір су жылытқыш құралын кіргізіп алған. Сондықтан, қала тұрғындары ыстық суға зәру еместігін айтып, мәселе көтерген болатын. 

Бұл мәселеге аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев:

– Бізде ыстық су желісі бар. Бірақ, басқа қалалардағыдай емес. Жазда өшіріліп, жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Кейбір мекен-жай бойынша ыстық су жүйесі бар. Ал, оларға қысы-жазы ыстық су қосайық десек, су қоймасы жоқ. Сол себепті судан иіс шығып тұр. Осыдан 10 жыл бұрын қаланы толық ыстық сумен қамтамасыз ету үшін жоспар әзірленген. Сол уақытта 300 млн. теңге қажет еді. Ал, қазір баға ондай емес. Оған бөлетін ақша да жоқ. Сол себепті жүйе өзгеріссіз қалды. Сіздердің «Мүлдем ыстық су керек жоқ» деген жауаптарыңызбен келіспеймін. Себебі, су бар, бар мүмкіндікті пайдаланып қалуымыз керек. Мұндай ұсыныстарды қарастырмаймыз, – деді.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button