Жаңалықтар

Қарағандылықтарға тегін заңнамалық көмек көрсетіледі

Қарағанды облысының тұрғындары тегін түрде заңнамалық көмек ала алады. Ондай мүмкіндік «Қарағанды облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру шараларын өткізу» жобасының арқасында қолжетімді болып отыр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


Бұл жобаны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде «Гарант» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. 
Акция 2019 жылдың маусымынан қараша айына дейін әрекет етеді.
Тегін заңгерлік кеңес алу, арыз немесе шағымды сауатты жазуда көмек алу үшін келесі мекенжай бойынша хабарласуға болады: Қарағанды қ., Н. Әбдіров даңғылы, 3-үй, 803-кабинет. 
Сонымен қатар 8 (7212) 41 23 92 жедел желі телефоны жұмыс істейді.
 

Басқа материалдар

Back to top button