Қарағандылықтарға 800-ден астам жұмыс ұсынылады
Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы 22 қарашада «Таир» сауда үйінде бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Жәрмеңкеде 800-ден астам жұмыс орны ұсынылады. Дәнекерлеуші, электрик, мұғалім, дәрігер, медбике, тәрбиеші, сатушы, кассир, жүргізуші сынды ұсыныстар да бар.
Жәрмеңкеге 40 жұмыс беруші қатысады. Оның ішінде «Silk Road Electronics» ЖШС, «Asia FerroAlloys» ЖШС, «Қарағанды-Нан Трейд» ЖШС, «Qaz Tehna» ЖШС және басқа да ірі компаниялар бар.
Жұмыс іздеушілер пробация қызметі, прокуратура, әділет департаменті, ТжКБ өңірлік палатасы, полиция басқармасы және ҚАЖД өкілдерінен жұмыс тауып, кеңес ала алады.
Бүгінгі күні enbek.kz электрондық еңбек биржасында Қарағанды бойынша 2 мыңнан астам бос жұмыс орны бар.
Жәрмеңкені өткізу уақыты: 15:00-ден 17: 00-ге дейін.
«Таир» сауда үйінің мекен-жайы: Ғарышкерлер көшесі, 1/29-құжат.
Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.