Қарағандыдағы 2 пәтерлі тұрғын үйде болған жарылысқа газ баллонын себеп болған. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға кеше, 18 ақпанда Қарағандыдағы Депутатская көшесі, 3-үйде болды. Сол жерде екі пәтерлі үйдің бірінде газ баллоны жарылып, 1966 жылы туған ер адам мен 2008 жылы туған қыз бала зардап шекті. Белгілі болғандай, ер адамның денесінің 40 пайызын күйік шалған. Қыз баланың жағдайы орташа ауырлықта. Қазіргі уақытта үйінділерді шығару жұмыстары аяқталып, ТЖД мамандары оқыс оқиғаға газ баллоны себеп болғанын мәлім етті.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ