Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандылық құтқарушы Alash Pride турнирінің жеңімпазы атанды

Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Санжар Әділов Шымкентте өткен Alash Pride турнирінің басты шайқасында жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Суреттер: ТЖМ

Санжар жекпе-жекті техникалық нокаутпен аяқтап, үздік өнер көрсетті.

– Санжар Әділовтың жетістіктері қайсарлықтың, тәртіптің және жақсылыққа ұмтылудың үлгісі болып табылады. Оның жеңісі спорт шеберлігінің жоғары деңгейін көрсетіп қана қоймай, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің беделін нығайтуға септігін тигізеді, – деді департаменттің баспасөз қызметі.

 

Санжардың өзі де алғысын білдіріп, басшылықтың түсіністігінің арқасында осындай қиын қызметті спортпен ұштастырып жүргенін атап өтті.

Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығына маған сенім білдіріп, қолдау көрсетіп, түсіністік танытқаны үшін шын жүректен алғыс айтамын. Жасалған жағдайдың арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, қызмет пен спортты қатар алып жүрмін. Маған деген сенімдеріңіз мені қызметте де, рингте де жаңа жеңістерге жеткізеді, – деді ол.

Сондай-ақ лигадағы үздік файтерлердің бірі атанған Санжар министрліктің қолдауы спортпен айналысатын барлық қызметкерлер үшін маңызды ынталандыру болып табылатынын және құтқарушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда басты рөл атқаратынын баса айтты.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button