Бас тақырыпСпорт

Қарағандылық сурдо-таеквондошылар халықаралық додада екі қола медаль жеңіп алды

Жапонияның астанасы Токиода өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында облыс спортшылары тағы бір жарқын жеңіске қол жеткізді. Сурдо таеквондодан ел намысын қорғаған Аян Абдраш пен Айжамол Абдикатова өз салмақ дәрежелерінде қола медаль иегері атанып, ел қоржынына екі жүлде салды.

Сурет parasport.kz

58 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Аян Абдраш қола медаль үшін таласта түрік спортшысы Екыншы Мухаммед Буракты 2:1 есебімен жеңіп, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Ал, 57 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Айжамол Абдикатова да қола медаль үшін тартысты кездесуде венесуэлалық спортшы Ортего Селседоны 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, жүлдегер атанды.

Аян Әбдіраш Қазақстан Республикасының сурдо таеквондодан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еліміздің бірнеше дүркін чемпионы. Оның халықаралық аренадағы негізгі жетістіктері:

  • 2015 ж. Тынық мұхиты ойындары – күміс жүлде (Тайвань, Қытай)
  • 2016 ж. Әлем чемпионаты – күміс жүлде (Самсун, Түркия)
  • 23-ші Сурдолимпиада — чемпион (Самсун, Түркия)
  • 24-ші Сурдолимпиада — қола жүлде (Бразилия, 2022)
  • 2023 ж. Азия–Тынық мұхиты чемпионаты — 1 орын (Бишкек)
  • 2024 ж. Әлем чемпионаты — 2 орын (Бишкек)
  • 2024 ж. Азия–Тынық мұхиты ойындары — 3 орын (Куала-Лумпур)

Сонымен қатар, Айжамол Абдикатова да Қазақстан Республикасының сурдо таеквондодан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, көпжылдық тәжірибесі бар мықты спортшы. Оның маңызды жеңістеріне тоқталып өтетін болсақ:

  • 2015 ж. Тынық мұхиты ойындары — күміс жүлде (Тайвань, Қытай)
  • 24-ші Сурдолимпиада — қола медаль (Бразилия, 2022)
  • 2023 ж. Азия–Тынық мұхиты чемпионаты — 2 орын (Бишкек)
  • 2024 ж. Әлем чемпионаты — 1 орын (Бишкек)
  • 2024 ж. Азия–Тынық мұхиты ойындары — 2 орын (Куала-Лумпур)

Айта кетейік, Қазақстан 1997 жылдан бері Сурдлимпиада ойындарына тұрақты қатысып келеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button