Қарағандылық спортшылар үздіктер қатарында
Қарағандыда жеңіл атлетикадан ардагерлер (35 және одан жоғары) және әуесқойлар (18-34 жас) арасында Қазақстан Республикасының III жазғы ашық чемпионаты өтті. Облыс намысын 30 спортшы қорғады.
Жарысқа 13 облыстан және 3 қаладан 198 спортшы қатысты. Сонымен қатар, шетелдік спортшылар (Өзбекстан, Беларусь, Ресей, Израиль, Моңғолия) да келді. Олардың арасында Олимпиада ойындарының қатысушылары, Әлем және Азия чемпионаттарының чемпиондары мен рекордшылары бар.
Спортшылар бағдарламаның 18 түрінде бақ сынады. Бұл бастама қараша айында Филиппинде өтетін Азия чемпионатына спортшыларға өзін сынауға зор мүмкіндік берді.
Командалық есепте I орынды Павлодар облысының, II орынды Қызылорда облысының, III орынды Қарағанды облысының спортшылары иеленді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz