Жаңалықтар

Қарағандылық спортшылар үздік онлайн-батутистер атанды

Батуттық гимнастикамен айналысатын жас спортшылар арасында өткен республикалық онлайн-турнирде Қарағанды командасы бірінші орынға ие болды. Жарыс  жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындығы бойынша өтті. Оған Қарағанды, Алматы, Павлодар және Тараз құрамалары қатысты.


Онлайн-турнирдің қорытындысы бойынша “Шахтер-2” командасы бірінші орынды, ал “Шахтер” құрамасы екінші орынды иеленді. Жаттығуларды орындау кезінде олардың жылдамдығы ғана емес, сонымен қатар сапасы да ескерілді.

«Біз, әрине, балаларымыздың жетістігіне өте қуаныштымыз. Жаттықтырушылар мен спортшылар толыққанды жаттығу және қарым – қатынас жасау үшін залдарға қайтып оралуды тағатсыздана күтуде», – деп атап өтті гимнастика мектебінде.

Басқа материалдар

Back to top button