Қарағандылық спортшылар елордадан жүлдемен оралды
Астанада конькимен жүгіру спортынан Қазақстан чемпионаты өткен болатын. Оған елдің түпкір-түпкірінен 17 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Солардың ішінде Қарағанды облысының атынан қатысқан құрама чемпионаттың қола жүлдегерлері атанды.
Қарағандылықтар жалпы командалық есепте ғана емес, жеке сайыста да жүлдегер атанды. Атап айтсақ, Александр Берг үш қашықтық бойынша бақ сынап, ел чемпионы атанды. Және күміс жүлдені де жеңіп алды. Одан бөлек, жекелей сында өнер көрсеткен Павел Манаков – ІІ орын, Ерасыл Бақтиярұлы – ІІІ орын иегері атанды.
– Жаттықтырушыларымыз Нина Гернен мен Дмитрий Лазарев – өз ісінің нағыз кәсіпқойлары. Олардың тәрбиеленушілері қандай жағдай болмасын, осындай тамаша нәтижелер көрсетуде, – дейді қысқы спорт түрлері мектебінің басшысы Гүлнар Әліқұлова.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz