Жаңалықтар

Қарағандылық спортшылар екі Әлем Кубогын жеңіп алды

Лас-Вегаста өткен халықаралық біріншілікке Қазақстан атынан қарағандылық Вадим Шуляр мен Даниэль Диль қатысқан еді. Олар ерлер жұбы арасында Қазақстан спорты тарихында алғаш рет спорттық акробатика бойынша  Әлем кубогының иегері атанды. 


Тартысқа толы спорт жарысына барлығы 18 елдің акробаттары бақ сынасқан. Вадим мен Даниельдің негізгі қарсыластары Германия мен Ұлыбританиядан келген спортшылар болыпты.

Сонымен қатар, акробаттар Әлем Кубогінің иегерлері атанып қана қоймай, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алғанын да айта кету керек.

Екінші кубокты Қазақстан қоржынына мереке күндері самбист Ибрагим Баглан салды. Ол бұл марапатты Мәскеудегі “Харлампиев мемориалы” әлем кубогында жеңіп алған. 33 елдің спортшылары бақ сынасқан турнирде Ибрагим Бағлан 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button