Спорт

Қарағандылық спортшы рекорд жаңартты

Талдықорғанда жүзуден өткен ел чемпионатында қарағандылық Ксения Игнатова бес алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, ол жаңа рекорд орнатты.

Солдан оңға қарай бірінші тұрған – Ксения Игнатова

Аталмыш чемпионатқа 16 өңірден 300-ден астам спортшы қатысқан. Тағы бір айта кететіні, осы чемпионатта ел спортшылары бес рекорд орнатты. Олардың бірі – Ксения Игнатова. Бүгінде ол Ә.Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтегі (Теміртау) мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушісі. Шалқалап жүзуден 200 метр қашықтықты 2 минут 14 секундта бағындырды. Сонымен қатар, ол бес алтын медаль жеңіп алды.

Бұл турнирден үздік шыққан спортшылар Жапонияның Фукуока қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алады. Сол жолдаманың бірін қарағандылық Ксения Игнатова жеңіп алды.

Ксения Игнатова – Саран қаласының тумасы. Ол өткен жылы да түрлі дәрежедегі турнирлерден топ жарған. Және қатарластары арасында Ұлттық қрама рейтингінде жоғары сатыда көрінді. 2023 жылы Азия ойындарына қатысатын алғашқы үміткер атанды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button