Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандылық спортшы күмістен алқа тағынды

Қарағандылық спортшы Антон Антропов Сува қаласында (Фиджи аралы) өтіп жатқан астар арасындағы ауыр атлетикалық әлем чемпионатында екінші орынды иеленді. Бұл туралы Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.

 Күміс жүлдегер облыстық кешенді спорт мектебінің тәрбиеленушісі. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Иван Снегуровтың жетекшілігімен жаттығады.
 Қазақстан чемпионатында Антон Антропов жеті рекорд орнатқан болатын. Атап айтқанда: жұлқи көтеруде – 155 кг, оқыс серпе көтеруде – 205 кг және қоссайыс бойынша-360 кг. 
 

Басқа материалдар

Back to top button