Спорт
Қарағандылық спортшы Абу-Дабидан жүлдемен оралды
Абу-Даби қаласында 12-13, 14- 15 және 16-17 жас санаттарында жасөспірімдер арасындағы аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 46 елден 650-ден астам спортшы қатысқан. Оның 35-і Қазақстаннан барса, Қарағандыдан бес спортшы ұлттық құрама қатарына енген.
Тартысты өткен додада ел құрамасы жалпыкомандалық есепте бесінші орынға тұрақтап, үш алтын және төрт қола медаль жеңіп алды.
– Қарағанды облысынан келген бес спортшы жақсы өнер көрсетті. Солардың арасынан Егор Желтов қола медальға ие болды. Ол 52 келі салмақта 16-17 жас санатында бағын сынады. Жаттықтырушысы – өз ісінің шебері Дмитрий Ермолаев, – деп бөлісті аралас жекпе-жектен облыстық федерация басшысы Владимир Абросимов.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz