Қарағандылық синхроншылар Азия чемпионатында жеңіске жетті
Қарағанды облысының спортшылары Су спорт түрлерінен Азия чемпионатында әртістік (синхронды) жүзуден жарыстарда 12 медаль жеңіп алды.

Ең көп алтын медальдар қарағандылық жүзушілердің қоржынында, жалпы саны – 8, сондай-ақ 3 күміс және бір қола.
Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жүзуден облыстық олимпиадалық резерв мектебінің және Қарағанды өңірінің жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері болды.
Алтын медальдар жеңіп алғандар:
– Даяна Жаманшалова (соло, 13–15 жас аралығындағы ерікті бағдарлама);
– 13–15 жас аралығындағы аралас топ және еркін бағдарлама (Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадуллина, Анжелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Жаманшалова, Варвара Снегирева, Аяулым Жақпаева, Перизат Багаева);
– Даяна Жаманшалова және София Ищенко (дуэт, 13–15 жас аралығындағы ерікті бағдарлама);
– Артем Томчишин және Жансая Шаукенова (12 жас және одан кіші микс-дуэттер);
– Құралай Шәріпова, Жансая Шаукенова, Алиса Таранова, Артем Томчишин (12 және одан кіші жастағы ерікті бағдарлама);
– Карина Магрупова (жеке, 15–19 жас аралығындағы ерікті бағдарлама);
– Виктор Друзин, Арина Мясникова, Дарина Валиуллина, Карина Магрупова (ерікті және техникалық бағдарламалар, акробатикалық топ);
– Арина Мясникова, Дарина Валиуллина, Карина Магрупова (еркін бағдарлама, аралас топ).
Азия чемпионатының күмісі:
– Полина Мерзлякова (жеке, 15–19 жас аралығындағы ерікті бағдарлама);
– Ясмин Тұякова және Арина Пушкина (дуэт, 15–19 жас аралығындағы ерікті бағдарлама);
– Виктор Друзин және Алматыдан келген спортшы (16–19 жас аралығындағы микс-дуэттер).
Нью-Кларк-Ситиде үшінші орынды free (12 жас және одан кіші) дуэті Алиса Таранова мен Құралай Шәріпова иеленді.
Спортшыларды жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушылар Елена Котова, Илья Котов, Оксана Москвичева, Мария Белозерова, Светлана Якушева және Марина Шацкая дайындады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz