Бас тақырып

Қарағандылық «Шахтер» павлодарлық «Ақсу» клубынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы ел чемпионатының XVII турында сырт алаңда павлодарлық «Ақсу» клубымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

 

38-минутта алаң иелері сапынан Евгений Кобзарь есеп ашты. Артынша Андрей Соловей есепті еселеді.

Қақпаға кірген екі допқа жауап ретінде Роман Мұртаезев 69-минутта гол салды. Алайда, бұдан кейін таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

– Тартысты ойын болды. Жігіттерге ештеңе айта алмаймын. Олар барын салып ойнады. Алғашқы минуттан бастап тактика дұрыс қойылмады. Біз күткен «Ақсу» әлдеқайда керемет ойын көрсетті. Жігіттерді жеңісімен құттықтаймын. Сонымен қатар, 500 шақырымды артта қалдырып, бізді қолдауға келген жанкүйерлерге алғысымды айтамын, – деді бас жаттықтырушы Игорь Солошенко.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button