Спорт
Қарағандылық «Шахтер» 1:0 есебімен жеңіске жетті
Қарағандылық «Шахтер» футболдан ел чемпионатының XVI турында өз алдаңында Ақтаудың «Каспий» клубын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Ойынның 4-минутында ақтаулықтар айып алаңының ішінде ереже бұзып, жерлестерімізге мүмкіндік беріп алды. Мүмкіндікті мүлт жібермеген Айдос Таттыбаев 11 метрлік айып добын сәтті орындап, командаластарын есепте алға шығарды.
Бұдан кейін таблодағы есеп еш өзгермеді. 37-минутта Тимур Реджепов ойын ережесін өрескел бұзып, «қызыл» қағазбен алаңнан қуылды.
Алаң иелері есепті ойын соңына дейін сақтап, қоржындарына үш ұпай салды.
Сонымен қатар, Ұлттық құраманың негізгі қақпашысы, қарағандылық клубтың ойыншысы Игорь Шацкий кездесудің үздік ойыншысы атанды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz