Қарағандылық саунд-дизайнер Әділхан Дүйсембаев атақты американдық әнші Рианнаның бейнероликтерін монтаждаған

Қарағандылық монтаждау редакторы және саунд-дизайнер Әділхан Дүйсембаев R&B және поп-музыка орындаушысы Рианнаның промороликтермен жұмыс істеді. Оның жұмысы тапсырыс беруші BRTHR студиясына ғана емес, әншінің өзіне де ұнаған, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі www.gov.kz сайтына сілтеме жасап.  

Қарағандылық саунд-дизайнер Әділхан Дүйсембаев атақты американдық әнші Рианнаның бейнероликтерін монтаждаған

Әділхан Дүйсембаев бұл салаға жаңа келген маман емес. Ол 10 жылдан бері фото және видео түсірумен, сондай-ақ монтаждаумен айналысады. Snipes және Levi’s сияқты танымал брендтермен жұмыс істеген. Биыл қазақстандық брейкдансер Николай Черников туралы деректі фильм түсірді.

Қарағандылық саунд-дизайнер Әділхан Дүйсембаев атақты американдық әнші Рианнаның бейнероликтерін монтаждаған

Рианнаға арналған бейнелерді монтаждау тапсырысы Әділханға шоу-бизнес жұлдыздарымен бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан BRTHR студиясынан келді.

– Мен Savage x Fenty Show үшін промороликтермен жұмыс істедім – бұл Рианна брендінің жыл сайынғы сән көрсетілімі туралы арнайы американдық телевизиялық шығарылым. BRTHR студиясының режиссерінен тапсырма алдым және іс-әрекеттіме олар толық еркіндік берді. Таңертеңнен кешке дейін екі апта бойы жұмысты уақытында аяқтау үшін үйден шықпай еңбек еттім. Бұл Рианнаға арналған екінші бейнеролик. Сондай-ақ, мен осы жобаға арналған жарнамалық роликті монтаждадым. Оның қалай шыққанын менің @urbanfocus93 Instagram-парақшамнан көруге болады, – дейді Әділхан.

Жас жігіт арнайы оқу орнын бітірмеген. Ол алдымен фотоға, содан кейін бейнеролик түсіруге қызығушылық танытқан. Ізденгіштігінің арқасында көп еңбектеніп, осы саладағы әуесқойлар мен арнайы мамандардан үйренген. Американдық рэпер ScHoolboy Q-дің Мәскеудегі концертінің түсірілімі оның кәсіби өміріндегі бетбұрыс болды.

– Бұл екі жыл бұрын болған. ScHoolboy Q – менің кумирім. Мен оның концертіне билет сатып алдым және аккредиттелмеген болсам да, түсіруге бардым. Қарағандыдан келген ұйымдастырушылардың бірі мені ScHoolboy Q-мен таныстырды. Музыкант мұны көргенде, мені өзінің сторизінее белгіледі, оның 5 миллионға жуық жанкүйерлері бізді көрді. Содан кейін мен концертте түсірген бейнеролигімді Instagram-да жарияладым. Ол 15 мыңға жуық қаралым жинады. Менің ойымша, олар мені сол кезде байқады. Қазір интернеттің көмегімен бүкіл әлемге мәлімдеме жасауға мүмкіндік бар. Тек өз ісіңе сеніп, оны сүю керек, – деп есептейді Әділхан.

Рианна үшін роликтермен жұмыс істегеннен кейін қарағандылық саунд-дизайнерге көптеген ұсыныстар түскен. Ол жайлы Әділхан әзірге бөліскісі келмейтінін айтты.